«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде ағылшын тілшісін сомдаған америкалық актер Хью Фрейзер «Таңшолпанға» сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде ағылшын тілшісін сомдаған америкалық актер Хью Фрейзер «Таңшолпанға» сұхбат берді

26.04.2016
 «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде ағылшын тілшісін сомдаған америкалық  актер Хью Фрейзер «Таңшолпанға» сұхбат берді

Белгілі америкалық актер Хью Фрейзер Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

Хью Фрейзер «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы ретінде түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде ағылшын тілшісі Джереми Вильсон есімді кейіпкердің рөлін сомдайды.

«Түсірілім жұмыстары өте жоғары деңгейде өтті. Мықты командамен жұмыс істедім. Берік Айтжанов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін өте жоғары деңгейде сомдап шықты. Кезінде бірқатар саясаткерлердің рөлін ойнағаннан кейін, маған тілші рөлін алып шығу қиынға соққан жоқ. Сценарий ұнағандықтан, бірден келістім», дейді актер.

Сондай-ақ, Қазақстанға алғаш рет келіп отырғанын айтқан ол қала сәулетінің ерекшелігіне таңданысын білдірді.

«Астана көшелерінің көрінісі өте тамаша. Халқы қонақжай. Қазақ фильмінде ойнау - мен үшін үлкен мәртебе», дейді америкалық актер.  

Танымал маманның кино саласында жүрген жастарға берер кеңесі қандай?

Сұхбаттың толық нұсқасы - «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу