Алматыда бір топ зерттеуші Күннен энергия өндіру жобасын қолға алған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бір топ зерттеуші Күннен энергия өндіру жобасын қолға алған (ВИДЕО)

25.04.2016
Алматыда бір топ зерттеуші Күннен энергия өндіру жобасын қолға алған (ВИДЕО)

Баламалы энергия түрлерін енгізу, Күн мен жел энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді қолдану - «Қазақстан-2050» стратегиясының басты міндеттерінің бірі.

Энергияның балама түрлерін тұтыну - әлем жұртшылығы ұсынып отырған ғаламдық маңызы бар мақсат.

Қойылған міндеттерге байланысты Алматыда бір топ зерттеуші Күннен энергия өндіру жобасын қолға алған.

Әжімұқан Жамалов - баламалы энергия саласын түбегейлі зерттеген ғалым. 2013 жылы профессордың бастамасымен  Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде арнайы зертхана ашылды.

Білім ордасындағы мамандардың мақсаты - жасыл экономиканың дамуына үлес қосу. Оқу процесінде кеңінен қолдану үшін олар Германиядан арнайы фотоэлектр түрлендіргіш құрылғы әкелген. Ол Күн көзін тікелей электр энергиясына айналдырады. Қуаты - 250 ВТ.

Қазіргі кезде зерттеуші топ үйді жылы сумен қамтамасыз ететін қондырғылармен жұмыс істеуде. Жоба EXPO-2017 көрмесіне ұсынылмақ.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу