WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Лос-Анджелестің «Форум» аренасында өткен кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетті. Айта кетейік, жекпе-жекті kaztrk.kz сайтының өзінен бір мезетте 14 мыңнан аса жанкүйер тамашалады.
Ал, «Қазмедиа Орталығының» Киноконцерттік залы көрермендерге лық толы. 1000 адамнан астам жанкүйер үлкен лэд-экраннан тікелей эфирде тамашалап, Геннадий Головкинге қолдау білдірді.
«Қазақстан» РТРК корпорациясының төрайымы да «Қазмедиа Орталығының» Киноконцерттік залында жекпе-жекті тікелей эфирде тамашалап, отандасымызға қолдау көрсетті. Сонымен қатар, Геннадийдің жеңісімен барша қазақстандықтарды құттықтады.