Ұлттық арнадан «Road to France». «UEFA EURO-2016» журналын көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнадан «Road to France». «UEFA EURO-2016» журналын көріңіз

23.04.2016
Ұлттық арнадан «Road to France». «UEFA EURO-2016» журналын көріңіз

Бүгін сағат 22:35-те және жексенбі күні сағат 23:20-да Ұлттық арнадан биыл Францияда футболдан өтетін Еуропа чемпионатына арналған «Road to France». «UEFA EURO-2016» журналын көріңіз. Бағдарлама Еуропа чемпионатына қатысушы құрамалардың іріктеу ойындарында жүріп өткен жолдарын, қызықты сәттерін және тағы басқа мәліметтерді ұсынады.

Футболдан Еуропа біріншілігі 10 маусым мен 10 шілде аралығында Францияның 10 қаласында өтеді. Биылғы біріншілікке алғаш рет 24 құрама қатыспақ. 2012 жылғы Польша мен Украинада өткен чемпионатта 16 құрама қатысқан болатын. 2012 жылғы Еуропа чемпионатында Испания құрамасы чемпион атанған еді.

Айта кетейік, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Еуропа чемпионатын 10 маусым мен 10 шілде аралығында тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу