Түнгі уақытта да жеуге болатын 15 ас түрін білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түнгі уақытта да жеуге болатын 15 ас түрін білесіз бе?

23.04.2016
Түнгі уақытта да жеуге болатын 15 ас түрін білесіз бе?

Қазіргі кезде арықтау үшін кешкі 18:00-дан кейін мүлдем тамақ жемеу әдісі кең таралған. Оның идеясы – ұйықтар алдында ас ішпеу.

Алайда, біз сіздердің назарларыңызға кешкі, тіпті түнгі уақытта да жеуге болатын 15 ас түрін ұсынамыз. Олар өте пайдалы әрі калориясы аз.

 

1. Саңырауқұлақтар

Жалпы, саңырауқұлақтар калориясы аз тағам болып есептеледі. Егер оны майға қуырмай, суға асса, тіпті диеталық ас болып шығады. Оны ештеңемен араластырмай, өзін ғана жесе, асқазанға ауыр тимейді.

2. Көкөністі уылдырық

Үйде жасалған көкөністі уылдырық тіпті зиян емес. Тек өзіңізге ұнаған саңырауқұлықты, кәді қоспасын немесе баялды икрасын таңдасаңыз болды. Ол өте нәрлі және дәмді.

3. Таңқурай

Калориясы аз, ал пайдалы заттары көп бұл жидекті 18:00-ден кейін де жей беруге рұқсат. Таңқурай дәрумендер мен минералдарға бай. Олар адам терісінің жағдайы мен ішек-қарын жұмысын жақсартады.   

4. Нәлім

Ақ балық диеталық ас қатарына жатады. Олардың ішінде ең пайдалысы – нәлім. Бұл балықта иммунитетті нығайтуға қажет дәрумендер мен пайдалы элементтер көп.

5. Жүгері

Жүгері пайдалы әрі тәтті тағам. Алайда оны таңдаған кезде консервіленгенін емес, суға пісірілген түрін тағдаған жөн. Ол ағзадағы артық холестеринді шығарып, денеде май жиналудан қорғайды. Сондықтан, егер сіз күндіз «ауыр тамақ» жесеңіз, кешке жүгері жеу жөн болады.  

6. Нектариндер

Көбінесе жеміс-жидектерді күннің екінші жартысында пайдалану ұсынылмайды. Бірақ никтариндер керісінше зат алмасуды жақсартып, май басудан сақтайды.

7. Өрік

100 грамм өрікте бар-жоғы 42 килокалория болады. Сондықтан шоколад, печенье немесе өрік арасында таңдау тұрса, міндетті түрде жемісті алу керек.

8. Шалқан

Көбіне адамдар шалқанның пайдасы туралы біле бермейді. Айта кетейік, ол әрбір адамның ас рационында болуы керек тағамдардың бірі. Шалқан ағзаны тазартып, иммунитетті қатайтады.

9. Асқабақ

Асқабақтан өте көп пайдалы зат жасауға болады. Мысалы, одан нәрлі крем-сорпа, пюре және салат шығады.

10. Қырыққабақ

Қырыққабақтың барлық түрі В дәруменіне бай. Сонымен қатар, ол диеталық тағамдар қатарына жатады. Сол себепті оны кеші уақытта пайдалануы кеңес беріледі.

11. Камбала

Бұл кешкі 18:00-ден кейін жеуге болатын тағы бір балық түрі. Камбалада метионин бар. Ол майды ыдыратады.

12. Киви

Киви – арықтағысы келгендерге таптырмас жидек. Ол майды ыдыратып, су-тұз теңгерімін реттейді.

13. Балдыркөк (Сельдерей)

Балдыркөк – калориясы теріс тағам. Яғни, ағза оны қорыту үшін көп энергия жұмсайды. Сондықтан ол кеші уақытта пайдалуға таптырмас ас.

14. Алмұрт

Қарныңыз ашып тұрса, алма жеңіз. Жоқ. Одан да алмұртты таңдаңыз. Алмадан кейін тәбетіңіз одан сайын ашылады, ал алмұрт қарныңызды тойдырады. Осыған қоса оның калориясы алмадан аз.  

15. Қызылша

Қызылша ең пайдалы әрі нәрлі тағамдардың қатарына жатады. Ол май алмасуын реттеп, семіздіктен сақтайды. Ең бастысы: оны кез келген күйде жеуге болады. Сондықтан қызылшаны суға да пісіруге, қуыруға да, тіпті шикідей де жеуге болады. 

Хабарламаларға жазылу