«Kazsport» ауыр атлетикадан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» ауыр атлетикадан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

22.04.2016
«Kazsport» ауыр атлетикадан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

Биыл ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтеді. Турнирді «Kazsport» тікелей эфирде көрсетеді.

24 сәуір, жексенбі күні Астана уақытымен сағат 17:00-де 48 келіге дейінгі салмақтағы қыздар бәсекесі басталады. Сағат 20:00-де 56 келіге дейінгі салмақта ерлер күш сынасады.

Жалпы чемпионат Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық жарыс болып есептеледі. Сондықтан бірқатар салмақтар бойынша Қазақстан спортшылары да сынға түседі. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша, бұл додаға Қазақстаннан 5 спортшысы қатысады. 

Хабарламаларға жазылу