Алматылық жас пианист Бельгияда өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық жас пианист Бельгияда өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

22.04.2016
Алматылық жас пианист Бельгияда өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектептің 6 сынып оқушысы жақында өзінің ұстазы Ботагөз Айқалқаевамен бірге шетелден оралды.

Санжар 12-14 жастағы балалар тобында сынға түскен.

«Біздің жас музыкантымыз 33 елдің қатысушылары арасында үздік шықты. Кез-келген байқау үміткердің талантын шыңдауға мүмкіндік беретіні рас. Басында қатысушылардың тізімін көріп, көңілімізде қорқыныш туды. Бірақ, Санжар өз міндетін мүлтіксіз орындады», - деді ұстазы Ботагөз Айқалқаева.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде конкурстың ережесіне сәйкес пианист бейтаныс аспапта жедел ойнай жөнелген. Екінші турға 13 үміткер өтті. Олардың арасында бірнеше классикалық туындыны орындап шыққан Санжардың өнері үздік теп табылды.
Айта кету керек, дарынды бала байқауға өнер жанашырларының арқасында аттанған.

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу