Танымал асаба Нұртілек Рахимұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Студияға сигвэймен келген асаба тойды да осы спорттық құрылғымен басқаратынын айтады.
«Тойға келетін 400-500 адамның барлығына бірдей ұнай бермейсің. Халықты шаршатқым келмейді. Сол себепті әр тойда шоу жасағанды құп көремін»,-дейді.
«Әр елдің салты басқа», деген бар ғой. Осыдан бірер жыл бұрын біздің Атырауда тойбастар берілетін еді. Қазір азайған. Тек әр қонақтың алдына кішігірім сарқыт қояды».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.