Республикада орталық және өңірлік деңгейде балалардың құқықтарын қорғау жүйесі қалыптасты.
Зағипа Балиева айтып өткендей, еліміздегі балалар құқығына қатысты мәселелерді шешу, олардың жағдайына құлақ асу және барынша көмектесу өте маңызды, деп хабарлады бүгін еліміздің Бәлім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жұмыс істейді. Облыстардың Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының жанында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы бөлімдер бар.
2007 жылдан бастап Үкіметтің жанында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылды, олардың құрамына он бейінді министрліктің, үкіметтік емес және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Кәмелетке толмағандардың істері және оларддың құқықтарын қорғау жөніндегі 213 өңірлік комиссия жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасында бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты құрылды. Елбасының Өкімімен Қазақстан Республикасында қоғамдық бастамада Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл болып Парламент Мәжілісінің депутаты Балиева Зағипа сайланды.
Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті үйлестіруші орган болып табылатын Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен тиімді ынтымақтастықтың кепілі болады.