Кездесу 10 раундқа жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жек 8 мамыр күні АҚШ-тың Лэйкленд қаласында өтеді. Қарсыласы – колумбиялық Хуан Де Анхель. Қанат бүгінге дейін кәсіпқой бокста 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 17 қарсыласын мерзімінен бұрын ұтқан.