«Любэ» тобының бас-гитарисі соққыға жығылып, ауруханада қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Любэ» тобының бас-гитарисі соққыға жығылып, ауруханада қайтыс болды

20.04.2016
«Любэ» тобының бас-гитарисі соққыға жығылып, ауруханада қайтыс болды

Ол кеше, сейсенбі күні қайтыс болды, деп хабарлады композитор Игорь Матвиенконың продюсерлік орталығына сілтеме жасаған Риа-Новости агенттігі.

«Паша бүгін қайтыс болды»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.

Осыған дейін Усановтың Мәскеу облысының Дмитриев ауданында соққыға жығылған соң бас сүйегіне зақым келіп, ауруханаға жеткізілгендігі хабарланған. Музыкант  Склифосовский атындағы институттың жансақтау бөліміне жеткізілді.  Мәскеу маңындағы полиция қызметкерлері Усановқа шабуыл жасағалғандығын растаған. Алайда, бұзақылық әрекеттерді кімдердің кінәлі екендігі нақты айтылмаған.     

Полиция бұл жағдай бойынша іс қозғап, кейінірек Солнечногорский ауданының 39 жасар тұрғыны ұсталған болатын.

«Любэ» тобының бас-гитарисі талантты музыкант, ақкөңілді, жарқын жігіт Паша Усанов енді арамызда жоқ»,-делінген «Любэ» тобының  фейсбуктағы ресми  парақшасында. 

Хабарламаларға жазылу