Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұл лауазымға осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы болған Е.Аймұқашев тағайындалды, деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің ресми сайты.
Аймұқашев Ерлан Қапарұлы 1970 жылдың 18 наурызында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін тәмамдаған. 2000 жылдан бастап мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқарып келеді. Павлодар облысы әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.
2012 жылдан 2014 жылға дейін энергетика және инфрақұрылым бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясының Коллегия мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы болды.