Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылында өткен Наурыз мерекесінде түрлі этнос өкілдері бас қосып, ынтымағы жарасым тапты. Жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлерде қонақтар үшін ақ дастархан жайылды. Палуандар боз кілемде белдесті. Ат құлағында ойнаған шабандоздар аудырыспақ, қыз қуу секілді спорттық ойындарды ойнады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ