Тимур Омаров: Мақсатым – ерекше жаңа бағытта ән жазу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимур Омаров: Мақсатым – ерекше жаңа бағытта ән жазу

20.04.2016
Тимур Омаров: Мақсатым – ерекше жаңа бағытта ән жазу

Жас әнші, «Қазақстан дауысы» жобасының қатысушысы Тимур Омаровтың жуырда «Қазақ баласы» атты әні жарыққа шықты. 

«Бұл ән австриялық әнші Гай Себастьянның әні. 2016 жылы «Евровидение» байқауында орын алған ән көңілімнен шықты. Содан осы әнді неге қазақ тілінде шығармасқа деген ой туды. Атауын «Қазақ баласы» деп продюсерім Сиви Махмуди қойды.  Әннің бойында ерекше энергетика бар. Сонысымен халықты қуантады деп ойлаймын»,-дейді әнші.

«Мен әзірге нақты бағытымды таппадым. Түрлі жанрда орындай береміз. Қазір ізденіс үстіндеміз. Мақсатым – ерекше жаңа бағытта ән жазып, халықтың сүйіспеншілігіне ие болу».

Өміріндегі қызық сәті

«Қазақстан дауысы» жобасының «Көрмей тыңдау» кезеңі болмас бұрын сол жобаның қатысушыларымен бірге қымызханаға бардық.  Менің ангинам бар-тын. Салқын қымыздан ұстап қалған болса керек, таңертең дауысым шықпай қалды. «Көрмей тыңдау» кезеңі алда. Содан не де болса деп, конкурсқа бардым, әнімді жайлап айта бастадым. Ең соңына келгенде құдіреттің күшімен жоғары нотаны алып кеттім. Өзім де таң қалдым. Осы сәт естен кетпейді».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу