БҚО филармониясы «Айналдым елім, Қазақстаным!» атты концерттік бағдарламасын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО филармониясы «Айналдым елім, Қазақстаным!» атты концерттік бағдарламасын бастады

20.04.2016
БҚО филармониясы «Айналдым елім, Қазақстаным!» атты концерттік бағдарламасын бастады

Дәулеткерей атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен сахнада елге танымал әншілер өнер көрсетті. Атап айтқанда, әншілер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Хатимолла Бердіғалиев, Мұрат Әмірханов, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртістері Жұмағаным Рахимова, Қанатқали Қожақов, Сәуле Таудаева, ҚР Мәдениет қайраткері Сағадат Рахметжанов сахнаға көтерілді.

Сондай-ақ, кеште халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары  Ақсұлу Жұмалиева, Ақмарал Ахметова, Айбар Хайырханов, Эльмира Усаева, Камалиден Айтбаев және Ақбөбек Қайыржановалар да ән шырқап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Филармония өңір аудандарына қоса Атырау, Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарына гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу