WBA (Super), IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қазіргі кездің ең танымал боксшылары - кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо кәсіби бокстан кеткені жайлы мәлімдегенмен, қайта оралуы әбден мүмкін деп санайды, деп жазады sports.kz.
«Пакьяо бокстан кетеді деп ойламаймын. Мэнни мен Флойд - ақылды жігіттер. Бұл - бокс», - деді Головкин
«Флойд пен Мэнни рингке қайта оралады дегің келе ме?» деген сұраққа қазақстандық спортшы: «Иә. Оралуы әбден мүмкін», - деп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Уэйд жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 24 сәуір күні таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде ұсынады және «Казмедиа Орталығының» лэд-экрандарында көрсетіледі.