24 сәуірде Дүниежүзілік иммундау апталығы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24 сәуірде Дүниежүзілік иммундау апталығы басталады

18.04.2016
24 сәуірде Дүниежүзілік иммундау апталығы басталады

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті таратқан мәліметтерден белгілі болды.

Осы шараға байланысты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті балаларда инфекциялық ауруларға қарсы вакцинациялаудың болуын тексеруді, болмаған жағдайда  тұрғылықты жері бойынша медицина ұйымдарына жүгінуді ұсынады.

Бүкіл әлемде иммундық профилактика инфекцияларға қарсы күресте барынша тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде танылған. Қазақстанда жыл сайын халықты вакцинациямен қамтудың жоғары көрсеткішіне қол жеткізіледі. Бұл көрсеткіш қазір 95 пайыз.

Хабарламаларға жазылу