Тайландта Сонгкран мерекесі тойланған бір апта ішінде 440-тан астам адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайландта Сонгкран мерекесі тойланған бір апта ішінде 440-тан астам адам мерт болды

18.04.2016
Тайландта  Сонгкран мерекесі тойланған бір апта ішінде 440-тан астам адам мерт болды

Тайландта су фестивалі Сонгкран мерекесі аталып өткен мереке кезінде соңы адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғалары көп болды. Аталмыш мереке тайландтықтар үшін Жаңа жылдың келгенін білдіреді, деп жазады ТАСС агенттігі.

Корольдіктің басты мерекелерінің біріне байланысты 13-17 сәуір аралығында жалпыұлттық демалыс жарияланды. Алайда, Тайландтың көптеген тұрғындары мерекені атап өтуді одан бұрын-ақ бастап кеткен.

Ішкі істер министрінің хабарлауынша, жеті күні ішінде елдің жолдарында 3 мың 447 жол апаты тіркеліп, 442 адам мерт болған. 3 мың 656 адам дене жарақаттарын алды. «Жол апаттарының көпшілігі көлікті мас күйінде жүргізу мен жылдамдықты шектен тыс арттырып жіберумен байланысты болды»,-деп хабарлады Анупонг Паочинда.

ІІМ-нің басшысы сонымен қатар, өткен жылы Сонгкран мерекесін тойлау кезінде корольдіктің жолдарында кісі өлімімен аяқталған апаттардың саны биылғыдан 20 пайызға кем болғандығын атап өтті. 

Тайланд биілігі жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған төтенше жағдайлар қабылдады. Соның өзінде жағдайды оңалтудың сәті түспеді. Елдің жолдарында қосымша бекеттер орналастырылып, тәртіп сақшыларына ішімдіке ішіп рөлге отырған жүргізушілерден жүргізуші куәлігімен қатар, көлікті де алып қою құқығы берілген.  

Хабарламаларға жазылу