Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мектептегі дене шынықтыру сабақтарын көбейтуді ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мектептегі дене шынықтыру сабақтарын көбейтуді ұсынады

18.04.2016
Мәдениет және спорт министрі  А.Мұхамедиұлы мектептегі дене шынықтыру сабақтарын көбейтуді ұсынады

Министрдің айтуынша, соңғы уақытта мектептер аясында спорттық секциялар мен клубтар ашуға ерекше мән беріліп келеді. Мәселен, бүгінгі күні мектептерде отыз мыңнан астам спорттық секциялар бар, онда жалпы оқушылар санының 27 пайызы қамтылған.

«Алайда, әсіресе ауылдық жерлердегі мектептерде спорт залдарының, жабдықтарының жетіспеушілігінен спорт залдары ашылмай отыр. Бұған қарамастан, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға күш салып келеміз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр дамыған елдерде, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше мән берілетіндігін атап өтті.

«Осы елдерге қарап, біз де жасөспірімдер арасындағы спортты дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Атап айтқанда, салалық заңнама мен нормативтер арқылы мектептердегі дене шынықтыру сағатын үш сағатқа дейін жеткізу керек. Елбасы елді сауықтыруда ең алдымен Қазақстанның келешегі болып табылатын балалар мен жасөспірімді сауықтыру керектігін ұдайы айтып келеді. Ал қазіргі күні ауылдағы спорт залдарының жетіспеушілігін шешудің түрлі жолдары да бар», - деді А.Мұхамедиұлы. 

Хабарламаларға жазылу