Фастфуд құрамында қауіпті химиялық қоспалар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фастфуд құрамында қауіпті химиялық қоспалар бар

17.04.2016
Фастфуд құрамында қауіпті химиялық қоспалар бар

Мұнда тағам сақталатын қорап пен оны дайындау барысында қолданылатын  фталаттар жайлы сөз болып отыр.

Вашингтон Университетінің ғалымдары 8877 адамның мағлұматтарын сараптады. Еріктілер соңғы 24 сағатта не тұтынғанын айтты, деп жазды Zee News.

Сондай-ақ, зерттеушілер мұндай тағам құрамындағы екі фталат - ди (2-этилгексил) фталат және дизононилфталат қосындысы репродуктивті жүйеге кері әсер тигізеді дейді. Сонымен қатар, мамандар бисфенол А іздеді. Оның денсаулыққа зияны аз емес.

Зерттеу көрсеткендей, фастфудты көп пайдаланған адамдарда фталаттар деңгейі мұндай тағамды пайдаланатындардан гөрі 24-40 пайызға артық болған.  Фталаттар дәнді және ет өнімдерінде болды. 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу