Оксфорд университетінің мамандары түрлі аурудан сақтану үшін күніне көкөніс пен жемістің 8 порциясы жеткілікті екенін айтады.
Зерттеу кезінде ғалымдар пайдалы тағамды жеткілікті пайдалану жүректің ишемиялық ауруының туу қаупін 22 пайыз төмендетіп, ішек-қарын жолының жұмысын қалыпқа келтіретінін анықтады.
Мамандар 40-85 жас аралығындағы 300 000 еріктінің денсаулығын сараптап, кейін осындай тоқтамға келген.
Айта кетейік, көкөніс пен жемістің 1 порциясы - шамамен 100 грамм.