Сауд Арабиясындағы химиялық зауытта болған жарылыста 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясындағы химиялық зауытта болған жарылыста 12 адам қаза тапты

17.04.2016
Сауд Арабиясындағы химиялық зауытта болған жарылыста 12 адам қаза тапты

Сауд Арабиясындағы  химиялық зауытта болған жарылыс салдарынан 12 адам қайтыс болып, тағы 11-і жараланды, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Өрт елдің солтүстік-шығысында орналасқан Эль-Джубайль қаласындағы Jubail United Petrochemical компаниясының зауытында, жергілікті уақытпен 11:40-та  болған.

Жергілікті Saudi Press Agency агенттігінің хабарлауынша, өрт техникалық қызмет ету  жұмыстары кезінде басталған. Өрт себептері әзірге белгісіз.

Хабарламаларға жазылу