Солтүстікқазақстандық тауарөндірушілер Түменде жәрмеңке өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікқазақстандық тауарөндірушілер Түменде жәрмеңке өткізуде

17.04.2016
Солтүстікқазақстандық тауарөндірушілер Түменде жәрмеңке өткізуде

Ресейдің Түмен қаласында Солтүстік Қазақстан облысы тауарөндірушілерінің 1-жәрмеңкесі ашылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев әлеуметтік желілердің бірінде мәлімдеді.

«Түмен қаласында Солтүстік Қазақстан облысы тауарөндірушілерінің 1-жәрмеңкесі сәтті іске асты. Тұрғындарға 20 түрлі атаулардан тұратын тауар жиынтығы ұсынылды. Біздің экологиялық таза өнімдеріміз көпшілікке «балалық шақтағы дәмді» еске салған көрінеді. Бұл - біз үшін ең үлкен мақтау», - деп атап өтті М.Манкеев.

Айта кетейік, мұның алдында СҚО делегациясы Түмен облысында, кейін ресейлік делегация Петропавлда болып қайтқан болатын. Аталмыш жәрмеңкені сол кезде СҚО әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев Түмен облысының губернаторы Владимир Якушевпен болған кездесуде бастама етіп көтерген. Түмен қаласында өткен шараға Қазақстаннан 21 кәсіпорын келген. Олар келешекте жергілікті нарықта ойып тұрып орын алуға ниет танытуда.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу