Эквадорда сенбіден жексенбіге қараған түні магнитудасы 7,8 баллды жер сілкініс болды, деп хабарлайды ТАСС.
Жер сілкінісінің эпицентрі елдің оңтүстік-шығысындағы Муинсе қаласының маңында, 19 км тереңдікте болған. Табиғи апат салдарынан 600-дей адам зардап шеккен. Мамандар Эквадор, Колумбия, Перу елдерінің жағалауларында цунами пайда болу қаупі барын болжауда.
Зілзала эпицентрі мен Эквадордың ірі қалаларының бірі- Гуаякильде жер сілкінісі салдарынан үйлер мен ғимараттар қирап, әуежай жабылған.