Дубайда күніне 2500 доллар пайда табатын қайыр тілеуші ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дубайда күніне 2500 доллар пайда табатын қайыр тілеуші ұсталды

16.04.2016
Дубайда күніне 2500 доллар  пайда табатын қайыр тілеуші ұсталды

Дубай Муниципалитетінің өкілі Фейсал Аль Бадьяви өз хабарламасында әмірліктегі қайыр тілеумен күресу науқаны аясында полиция қайыр тілейтін 59 тұлғаны ұстағанын хабарлады.

«Ұсталғандардың кейбіреулерінде төлқұжаттары, іскерлік және туристік визалары болды. Науқан аясында «қайыршылардың» басым бөлігі БАӘ-ға үш айлық виза арқылы заңды түрде кірген», - деді  Аль Бадьяви.

Әмірлік шенеунігінің сөзіне қарағанда, Дубайда қайыр тілеушілердің бірі айына 270,000 дирхамнан астам 73500 АҚШ доллар пайда тапқан. Орташа алғанда бір тәуліктегі табысы шамамен 9000 дирхамды (2450 АҚШ долларына жуық) құраған.

 

Хабарламаларға жазылу