Павлодардың речной вокзалында шойыннан жасалған сантехник маманының құрметіне қойылған мүсін тұрғындар арасында танымал болып келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. «Речной» мәдени-сауық кешенінің басқарушысы Нұржамал Дюсембаеваның айтуынша, бұл - өз өмірінің 40 жылын осы мамандыққа арнаған Сергей Тычковтың бейнесі.
Қаламыздағы барлық кәріз жүйесі бойынша жұмыстар осы адамның қолынан өткен. Ол өте жарқын және еңбегіне адал жан. «Менің мамандығыма құрметпен қарағандары үшін ризамын. Енді балаларым мен немерелерім мүсінді көріп, мені мақтан ететін болады», - деді С.Тычков.