Қытайда көшеде заңсыз сауда жасағандарды қууға келген тәртіп сақшылары күтпеген қарсылыққа тап болған. Олар көшеде сауда жасап отырған әжейді қумақ болғанда, үш жасар бала қолына таяқ алып әжесін қорғауға шыққан, деп хабарлайды ресейдің ОРТ телеарнасы.
Рейд жасап жүрген инспекторлар балаға түк істей алмаған. Амалдары құрып өз жөндерімен кете барған. Әжесін қорғап қалған үш жасар бала ғаламторда жұлдызға айналды.