KazNews қызметінің тың жаңалықтарын көріңіздер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

KazNews қызметінің тың жаңалықтарын көріңіздер

16.04.2016
KazNews қызметінің тың жаңалықтарын көріңіздер

Ұлттық арна тілшілері сенбі күні де бұқараға төрткүл дүние мен еліміздегі маңызды оқиғалар жайында мәліметтер береді. Бүгін KazNews-тен көретіндеріңіз:

• Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы. Елордамыздағы білім беру мекемелері 2020 жылға дейін толықтай үш тілді білім беру жүйесіне көшеді.

• Жапония СІМ: Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Ал, елде тағы да 7,4 баллдық жел сілкінісі болып, құрбан болғандар саны 21-ге жетті. 

• Астанада ақын Ханбибі Есенқараева Ұлттық кітапханада оқырмандарымен кездесті. 

• Ресейдің Барнаул қаласының тұрғыны «Әлем уақыты» атты жекеменшік музей ашып қойған, бұл музейде қазақ тарихына қатысты жәдігерлер де аз емес. 

• Ақтауда массаж жасаушы маман сырқат балаларға тегін массаж жасап жүр. Ал, астаналық қайырымды жандар лейкозбен ауыратын 7 жасар қыз баланы емдетуге көмектесуге бел буды.    

• Ақтөбе қаласының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Мемлекеттік мекемелер, жеке кәсіпкерлік нысандары қызметкерлері мен жастар қала сыртындағы полигонға 4 жарым мың тонна қоқыс шығарған.  

• Әйгілі Медеу шатқалына 5000 түп ағаш отырғызылды. Бұл Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде атқарылып жатқан ілкімді істердің бір бөлігі ғана.

Хабарламаларға жазылу