Бастапқыда өз шаруашылығын бір бас інген ұстап, шұбат баптаудан бастаған кәсіпкер жігіт кейін келе Ойсылқара тұқымын көбейтудің орайын табады. Келе-келе түйенің басын 4,5 мыңға бір-ақ жеткізеді.
Бұл айтуға оңай шаруа болғанымен, оған жету жолында қаншама тердің төгілгенін, қаншама жүйкенің жұқарғанын дәл айту қиын.
Бүгін 13:15-те «Табыс сыры» арнайы жобасында түйе өсіру шаруа қожалығының басшысы Сыдық Дәулетов еңбек жолындағы тәжірибесімен бөліседі.