Қарағанды облысында 47 педагог АИВ (ВИЧ) жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 47 педагог АИВ (ВИЧ) жұқтырған

15.04.2016
Қарағанды облысында 47 педагог АИВ (ВИЧ) жұқтырған

Қарағанды облысындағы білім жүйесінде педагогтар арасында АИВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) жұқтырудың 47 дерегі тіркелген. Бұл туралы АИВ-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

«Қарағанды облысында АИВ-пен ауыру бойынша статистика шиеленіс туғызып отыр. 2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде АИВ жұқтырған 4415 адам және ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) жұқтырған 920 адам тіркелген. Вирус жұқтырғандардың ішінде 51 бала бар», - дейді орталықтың маманы Динара Балғымбекова.

«Біз АИВ туралы халықты қорқытып емес, аурудың алдын алу үшін айтуымыз керек. Жастарға некеге дейін міндетті түрде АИВ сынағынан өту маңызды. Бүгінде бұл уақытқа тәуелді тенденция», - деді маман.

Фото: krd.sputniknews.com

Хабарламаларға жазылу