Осыған дейін 3 адам қаза тауып, 200-ден астамы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгені жөнінде хабарланған болатын.
«Қазіргі кезде қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетіп отыр», - деп агенттікке табиғи апаттармен күрес қызметінің өкілдері хабарлады.
Бұған дейін хабарлағандай, бейсенбі күні кешкі уақытта Жапонияның Кюсю аралында магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады ҚазАқпарат.