Владимир Школьник ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Школьник ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

14.04.2016
Владимир Школьник ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Қазақстанның бұрынғы Энергетика министрі Владимир Школьник ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды. 

Бұл туралы бүгін Астанада халықаралық «Еуразия» жобасы бойынша өтіп жатқан дөңгелек үстел барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жиын ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Отырысқа «ҚазЭнерджи» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, ҚР Президентінің кеңесшісі Владимир Школьник, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев қатысуда.

Дөңгелек үстел барысында мұнай өндіретін компаниялардың өкілдеріне геологиялық зерттеулердің нәтижелері таныстырылды.

 

Хабарламаларға жазылу