Адамдар әлеуметтік желілерге түрлі сурет жүктеп, өзгелердің де суреттерін қарағанды жақсы көреді. Осылайша, біз арамыздағы алшақтыққа қарамастан, жақындарымыздың, дос-жарандарымыздың өмірінен хабардар болып отырамыз. Ал, егер үй жануарлары да әлеуметтік желіге сурет жүктей алатын болса, қалай қарар едіңіз?
Әлемге танымал Pedigree компаниясы иттердің де әлеуметтік желіні иелері сияқты тең дәрежеде қолдануға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асырды.
Pedigree инженерлері жобаға «The Posting Tail» деген атау берген. Иттерге арналған жейдеде орналасқан гаджетте фотокамера, Raspberry Pi мини-компьютері, иттің құйрығының қозғалысын бақылайтын таратқыш, GPS-сенсор және 3G-модем бар.
Әдетте, ит қандай да бір жайтқа ерекше қуанса, ол құйрығын бұлғаңдата бастайды. Осы сәтте таратқыш құйрықтың жылдамдығын есептейді, ал компьютер дәл сол сәтте ит шексіз бақытты ма, әлде керісінше ме, соны анықтайды. Егер ит қуанышты болса, камера суретке түсіріп, сурет әп-сәтте әлеуметтік желіге жүктеледі. Бары осы.