Алматы облысындағы Беріктас ауылының тұрғыны Жамал Сыдықова 100 жасқа толды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысындағы Беріктас ауылының тұрғыны Жамал Сыдықова 100 жасқа толды (ВИДЕО)

14.04.2016
Алматы облысындағы Беріктас ауылының тұрғыны Жамал Сыдықова 100 жасқа толды (ВИДЕО)

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Беріктас ауылында тұратын Жамал Сыдықова 100 жасқа толды.

Қария ауыртпашылыққа толы өмірінде көп бейнет көрді. Соғыс кезінде майданға кеткен жарының орнын басып, тылда еңбек етті. Шиеттей бала-шағасын бағып-қағып, шаңырағын шайқалтпай ұстап отырды.

Жамал Сыдықова - «Алтын алқа» иегері. Қиын-қыстау заманда жоқтан бар, бардан көл жасап, 10 баланы ешнәрседен тарықтырған жоқ.

Жары Сәмжан кезінде дәулескер күйші, суырыпсалма ақын болған екен. Қазір немерелері домбыраның құлағында ойнайды.

Өмір бойы ине-жібін қолынан тастамаған Жамал апаның құраған көрпелері мен сырмақтары осы шаңырақтың сәнін кірігізіп тұр. Қазір бар білгенін келіндеріне үйретуде.

Ғасыр жасаған ананың ғибратқа толы ғұмыры туралы толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу