Бұл фильмнің Берлиндегі Халықаралық кинофестивальдегі әлемдік тұсаукесерінен кейінгі азиялық тұсаукесері болып табылады.
Чонджі ХКФ-нің негізі 2000 жылы қаланып, бүгінгі таңда ол Даррен Аронофски, Алехандро Иньяриту, Бела Тарр, Ульрих Зайдль және Лоран Канте секілді режиссерлардың ерте кинофильмдері үшін негізге айналды. Халықаралық кинофестивальдің жеңімпаздары түрлі уақытта Апичатпонг Верасетакул, Матиас Пиньейро, Сува Нобухиро атанған болатын.
Қазақстандық режиссердің фильмімен қатар биыл Чонджу фестиваліне Испания, Эфиопия, Грекия, Германия, АҚШ, Франция, Германия, Чили және Израиль елдері өкілдерінің туындылары енді.
Биылғы фестиваль қазылар алқасының құрамына кинотанушы Жан-Франсуа Рожер (Франция), режиссер Дени Коте (Канада), актер Чун Чэйоун (Корея), сценарист Ох Сынвоок (Корея) енді.
«Жаралы періште» фильмі – режиссердің осы атаулы жасөспірімнің күрделі жан-дүниесін баяндайтын трилогиясының екінші бөлімі. Фильмнің әлемдік премьерасы 16 ақпанда Берлинале 66-шы кинофестивалінің ресми бағдарламасы аясында өтті.
Трилогияның «Үндестік сабақтары» атты бірінші фильмі үш жыл бұрын Берлиналеде «Күміс аю» және «Моргенпост» газетінің жүлдесін жеңіп алған еді.