Мырзағали Айтжанов: Ұлттық құрама Олимпиадаға бірінші рет толық құрамда барады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мырзағали Айтжанов: Ұлттық құрама Олимпиадаға бірінші рет толық құрамда барады (ВИДЕО)

13.04.2016
Мырзағали Айтжанов: Ұлттық құрама Олимпиадаға бірінші рет толық құрамда барады (ВИДЕО)

Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов, құрама мүшелері Біржан Жақыпов пен Олжас Сәттібаев «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді. 

Біржан Жақыпов пен Олжас Сәттібаев алдағы Рио Олимпиадасында ел намысын қорғайды. Спортшылар қазір Астана қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқандарын жеткізді.

 «Ұлттық құрама Олимпиадаға бірінші рет толық құрамда бара жатыр. Мамыр айында Ирландияда бірлескен оқу-жаттығу ұйымдастырылады. Одан кейінгі соңғы дайындықты тау бөктерінде өткізетін боламыз.

10 боксшыдан да күтетін үмітіміз зор. Әрқайсының әлемдік рейтингте орындары бар. Алға қойған мақсаттары айқын. Жүлде алуға барлығы лайықты», дейді М.Айтжанов.

Қазір боксқа бет бұрған жастардың көп екенін айтқан бас бапкер мұны облыстық Бокс федерациялары жұмысының жақсы жолға қойылғандығының нәтижесі деп біледі.

«Қандай жарыс болмасын, медальсіз қайтқан емеспіз. Қазақстан Бокс федерациясының, Бокс академиясының жұмысына қызыға қарайтындар көп», дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда». 

Хабарламаларға жазылу