Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда 30 тәулік визасыз жүре алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда 30 тәулік визасыз жүре алады

12.04.2016
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда 30 тәулік визасыз жүре алады

Сеулде серуендеуге немесе жұмыс бабымен баратын қазақстандықтар енді Оңтүстік Кореяда 30 тәулік визасыз жүре алады. Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оңтүстік Кореяға барғыңыз келсе, көші-қон картасында сапар мақсатыңыз бен сол елде тұратын уақытша мекенжайыңыз және сіз баратын тұлғаның немесе ұйымның аты-жөнін, байланыс телефондарын анық көрсетуіңіз міндетті.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу