Қарағанды облысында мектептерден ақша талап кеткен алаяқтар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында мектептерден ақша талап кеткен алаяқтар ұсталды

12.04.2016
Қарағанды облысында мектептерден ақша талап кеткен алаяқтар ұсталды

Қарағанды облысында жалған комиссия құрып, мектептерге тексеріс жүргізген алаяқтық топ ұсталды. Сәуірдің 8-күні ішкі істер қызметінің 102 телефонына Ақбастау ауылы орта мектебінің директоры қоңырау шалып, өздеріне министрліктен комиссия келгенін хабарлаған.

Үш адамнан тұратын тексерушілер тобы мектепке қатысты олқылықтарға кешіріммен қарайтынын айтып, орнына 100 мың теңге талап еткен. Ішкі істер саласының қызметкерлері жедел іздестіру шарасы нәтижесінде бұрын сотталған 54 жастағы әйел мен тағы екі  адамды ұстады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу