Беларусь елінің азаматтары зейнетке 3 жылға кешірек шығатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь елінің азаматтары зейнетке 3 жылға кешірек шығатын болды

12.04.2016
Беларусь елінің азаматтары зейнетке 3 жылға кешірек шығатын болды

Беларусь президенті Александр Лукашенко  елде ерлер мен әйелдер үшін зейнет жасын 3 жылға ұзарту жөніндегі Жарлыққа қол қойды. 

Бұл туралы Президенттің сайтында жарияланған, деп хабарлайды utro.ru сайты.

Осылайша, Беларусьта зейнет жасы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, сатылап көтеріле бастайтын болады. Бұл меже жыл сайын 6 айға көтеріліп отырмақ. Осылайша, 2022 жылы ерлер зейнетке 63-те, ал, әйелдер 58 жаста шығады.   

Бұған қоса, Беларусь Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 6 жылда жеңілдікпен және еңбек өтіліне қарай берілетін зейнеткерлік 3  жылға артады. 

Осындай өзгерістер әскери қызметте жүрген азаматтардың зейнет жасы бойынша да енгізіледі.

Беларусь басшысының баспасөз қызметінің деректері бойынша, ұйым, мекеме жетекшілерінің басшыларына «жұмыс берушілер мен жұмысшылардың қосымша зейнетақыларын ерікті түрде сақтандыруға қатысу тәжірибесін кеңінен қолдану» туралы кеңес берілді.  

Осыған дейін Беларусь елінің азаматтары зейнетке 60 жаста, ал, азаматшалары 55 жаста шығатын. 

Хабарламаларға жазылу