Бүгін «Kazsport» телеарнасы Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Польша құрамасы арасындағы футзалдан Колумбияда өтетін Әлем чемпионаты аясындағы плей-офф матчын 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.
Бүгінгі ойынға футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау 17 ойыншыны шақырған. Польшаға қарсы ойынға Қазақстан құрамасы дайындығын 5 сәуірде бастаған.
Алғашқы кездесу Польшада өтіп, қос құрама 1:1 есебімен тең ойнаған болатын.
Айта кетейік, бүгін жеңіске жеткен құрама қыркүйекте Колумбияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады.