Бүгін - Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні. Адамзат баласының тұңғыш ғарышқа аттанған жері - «Байқоңыр». Осыдан 55 жыл бұрын Юрий Гагарин қазақ жерінен ғарыш көгіне самғады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аспан әлеміне тұңғыш сапар 1 сағат 48 минутқа созылған.
61 жыл бұрын іргетасы қаланған айлақтан алғаш рет 1957 жылы ғарыш кемесі сәтті ұшырылды. Дүниежүзіндегі ең бірініші Жердің жасанды серігі осылайша көкке көтерілген еді.
«Байқоңырдан» «Восток» кемесінен бастап, «Восход», «Прогресс», «Союз» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, байланыс үшін және метерологиялық бақылау жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Радуга» секілді Жердің жасанды серіктері ұшырылды.
Ал, 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері мінген зымыран көкке көтерілді. Аспан әлемінде 7 күн, 22 сағат 13 минут болған Тоқтар Әубәкіров осылайша 45 жасында тұңғыш қазақ ғарышкері атанды.
Осыдан кейін ғарыш кеңістігін екінші қазақ баласы бағындырды. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша Талғат Мұсабаев аспан әлеміне үш рет сапарлады. 341 күн, 9 сағат 48 минут 41 секунд. Бұл - оның Халықаралық ғарыш станциясында болған ең ұзақ уақыты.
2015 жылдың 2 қыркүйегінде «СоюзТМА-18М» ғарыш кемесімен қазақтың батыр ұлдарының бірі Айдын Айымбетов аспан әлеміне сапар шекті.
Бұл - қазақтың 14 жыл күткен қуанышы еді.
Ғаырш әлемін бағындырған Алаштың батыр ұлдары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.