Еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

11.04.2016
Еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Еріген қар суының басуы салдарынан еліміздің үш өңіріндегі республикалық және облыстық жолдар жабық. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысында  жердің қатты ылғалдануына байланысты республикалық манызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолының 200-220 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысында судың жайылуына байланысты облыстық «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» жолының 0-48 шақырымы аралығында барлық автокөлік түрлерінің  қозғалысы тоқтатылды.

Қостанай облысында көктемгі судың тасуына байланысты республикалық «Екатеринбор-Алматы» жолының 686-729 шақырымы Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейінгі аралығында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

Хабарламаларға жазылу