Арсений Яценюк Премьер-Министр лауазымынан босады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арсений Яценюк Премьер-Министр лауазымынан босады

10.04.2016
Арсений Яценюк Премьер-Министр лауазымынан босады

Бұл туралы «Украинская правда» басылымы хабарлады. Саясаттанушы ел Парламенті өзінің отставкасын қабылдайды деген үмітте.

«Бүгіннен бастап мен өзімнің алдыға қойған міндеттерім бүгінгіден кеңірек болады деген ойдамын, деп мәлімдеді Украина премьері. Сондай-ақ, ол өзі басқарған кабинетті ел тарихындағы ең үздігі деп есептейтіндігін жеткізді.  

Арсений Яценюктің пікірінше, жаңа Үкіметсіз Украинада тұрақтылық орнату мүмкін емес. Алайда, ол өзінің «Халық майданы» фракциясының парламенттік коалицияда қалатынын мәлімдеді. 

«Бүгін бұл мемлекетті қолдаудың жалғыз ғана тәсілі»,-деді премьер. 

Әзірге жаңа премьердің лауазымына басты үміткер Рада спикері Владимир Войс болып отыр. Оның кандидатурасын   наурыз айының соңында «Петр Порошенконың блогы» парламенттік фракциясы қолдайтындығын білдірді.

 

Хабарламаларға жазылу