Елбасы Үндістан Премьер-Министріне Керала штатында болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Үндістан Премьер-Министріне Керала штатында болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

10.04.2016
Елбасы Үндістан  Премьер-Министріне Керала штатында болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.  

 

Хабарламаларға жазылу