Астанада 700-ден астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 700-ден астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады

08.04.2016
 Астанада 700-ден астам адам атаулы әлеуметтік көмек алады

Мемлекеттік бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек Астана қаласында тіркелген және тұрғылықты тұратын орташа жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен (күн көріс деңгейінің 40%) азаматтарға тағайындалады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған қызметтерді көпбалалы, толық емес отбасылар, құрамында мүмкіндігі шектеулі адамдары бар отбасылардың өкілдері пайдалана алады.

2015 жылы 1000-нан астам аз қамтылған азамат мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін өтініш беруші тоқсанына бір рет Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласады.

Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасына қарай  есептейді. 2016 жылдың 2 тоқсанында кедейлік шегі 9157 теңгені құрады.

Хабарламаларға жазылу