Ұлттық арнадан көрсетіліп жатқан «Сәлем, Қазақстан!» жобасында күні кеше ғана әншінің жеке концерті өтті.
«Кешке халық осынша көп келеді деп ойламадым. Себебі, бұрынғы концерттерге жарнама жасалғанда қала көшелеріне билбордтар ілу сияқты үлкен жұмыс атқарылатын еді. Бұл жолы менің білуімше, тек әлеуметтік желі арқылы ғана жарнамаланды. Ал, менің тыңдармандарымның дені – үлкен кісілер. Ол кісілердің әлеуметтік желілерге аса қызығушылығы жоқ. Соған қарамастан, халықтың көптігіне таң қалдым»,-дейді әнші.
«Бүгінде тойдың әндері тым көп. Кейде бір-біріне ұқсап жатады. Соған қарағанда, ізденіс нашар ма деп қаламын. Сол қынжылтады».
«Кеңес сұрайтын жастар көп. Оған қуанамын. Қолымнан келгенше, көрген-білгенімді, аз да болса жиған тәжірибемді үйретуге тырысамын. Көбіне «Ақмаржан» сияқты ән жазып беріңізші»,-деген ұсыныс түседі. Әннің халыққа жетуі әншіге де, оның өңделуіне де байланысты».
Толығырақ – «Таңшолпанда».