Бүлдіршіндер «Маугли» фильмін қазақ тілінде тамашалайтын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүлдіршіндер «Маугли» фильмін қазақ тілінде тамашалайтын болды

07.04.2016
Бүлдіршіндер «Маугли»  фильмін қазақ тілінде тамашалайтын болды

Әйгілі «Джунгли кітабы» хикаясы көрерменге қазақ тіліндегі дубляжбен жол тартты. Бұл жоба «Болашақ» ассоциациясы мен демеушілер арқасында жүзеге асты.

Эпикалық, шытырман оқиғаға толы фильм жабайы тропикалық ормандағы қасқырлар үйірінің ортасында өскен кішкентай баланың өмірі туралы баяндалады.

Кинокартинаның әрі мен сәнін келтіру үшін арнайы 14 адам іріктеліп алынған. Олардың арасында тіс қаққан тәжірибелі әртістермен бірге үлкен өнерге енді аяқ басып жатқан балақайлар да бар. Мысалы, Багираны Бекболат Құрманғожаев, Шерханды Ислам Зейноллаев, Кааны Айнұр Бермұхамбетова, ал Мауглиді 10 жастағы Ақарыс Әшімхан дыбыстайды.

Айта кетейік, «Дисней» студиясының туындысы көрерменге бүгіннен бастап жол тартады.

Хабарламаларға жазылу