«Таңшолпан» тілшілері Астанадағы бұзылатын үйлерге рейд жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» тілшілері Астанадағы бұзылатын үйлерге рейд жасайды

06.04.2016
«Таңшолпан» тілшілері Астанадағы бұзылатын үйлерге рейд жасайды

7 сәуір – Халықаралық денсаулық күні. Осыған орай Астанада жаппай таңертеңгілік гимнастика өтеді. Ертеңгі «Таңшолпанда» қонақта болатын Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  үйлестірушісі Қанат Жайықұлы осы тақырып төңірегінде сұхбат бермек.

Сондай-ақ, ертеңгі бағдарламада ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Әли Алпысбаев және әншілер Асылбек Тойлыбаев пен Мәншүк Тұрсынғазы қонақта.

Ал,  «Атаулы күн» айдарында Қажымұқан Мұңайтпасовтың 145 жылдығы  туралы айтылса, «Керек кәсіп» айдары зоотехник мамандар туралы әңгімелейді.

Сонымен қатар, «Таңшолпан» тілшілері Астанада сүрілуі тиіс  үйлерге рейд жасайды.

Ертең сағат 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арна қосулы болсын!

Хабарламаларға жазылу