WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты

06.04.2016
WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты

WhatsApp өз қолданушыларының хабарламаларын шифрлеу функциясын қосты. Енді end-to-end шифрлеу функциясы мәтінді бөтен адамдардың оқып қоюынан сақтайды, деп хабарлайды Wired.

Мұндай қорғау жүйесі жеке чаттар мен топ чаттары үшін де қолданыла береді. Сонымен қатар, дауыс хабарламалары мен фото және видеоматериалдар да барынша қорғалады.

Wired мәліметінше, ақпаратты әңгімелесіп жатқан қолданушылар ғана көре алады, тіпті компанияның өзі қолданушылардың жазбаларын көре алмайтын болады.

Алгоритмді программист, криптограф Мокси Марлинспайк (лақап аты) жасаған. Айта кетейік, ол Эдвард Сноуден ұсынған Signal мессенджерін жасаушылардың бірі.

WhatsApp қосымшасын бұрынғы хакер Ян Кум 2009 жылы жасаған. Кейін оған Yahoo компаниясында бірге жұмыс істеген әріптесі Брайан Эктон қосылған.

2011 жылдың қараша айында WhatsApp iOS үшін арналған ең танымал әлеуметтік қосымша атанады. Осыған қоса, Android платформасында оны 10 миллионға жуық адам жүктеген. Осыдан кейін 2014 жылдың ақпан айында WhatsApp қосымшасын Facebook компаниясы 19 миллиард долларға сатып алады.

Ал, 2016 жылдың ақпанында мессенджерді пайдаланушылардың саны 1 миллиард адамға жеткен. 

Хабарламаларға жазылу