Е.Сағадиев Д.Назарбаеваның оқу жылын 1 шілдеге дейін ұзарту туралы ұсынысына түсініктеме берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Сағадиев Д.Назарбаеваның оқу жылын 1 шілдеге дейін ұзарту туралы ұсынысына түсініктеме берді

05.04.2016
Е.Сағадиев Д.Назарбаеваның оқу жылын 1 шілдеге дейін ұзарту туралы ұсынысына түсініктеме берді

«Бұл ұсыныс бізге қажет. Өйткені, біз бес күндік оқуға көшкелі отырмыз. Бұл дегеніңіз оқушы қосымша тағы 36 күн демалады деген сөз. Оқушы осы 36 күннің орнын толтыруы керек. Сол себепті де біз оқушылардың жазда мектепте болу мерзімін ұзартып отырмыз. Бүгінгі жоспарымыз бойынша бірінші сынып оқушылары оқуларын 1 маусымда аяқтайды. Жыл сайын оқу мерзімі ұзара береді және жоғары сынып оқушылары оқуларын маусым айының ортасында аяқтайды. Одан әрі тағы емтихандары бар. Одан кейінгісін біз оқу жүктемесіне қарай көреміз»,-деді Е.Сағадиев журналистердің  сауалдарына жауап беріп тұрып.

Хабарламаларға жазылу